Егер сауалнамаларға сенсек, ал оларға сену керек, Шымкенттің әрбір тұрғыны бұл қала Қазақстанда өмір сүру үшін ең жақсы және саяхатшылар үшін ұмытылмас қала екеніне сенімді. Сірә, солай-ау.
Керемет шуақты және қонақжай Шымкент тек жақсы әсер қалдырады. Ежелгі Жібек жолының бір бөлігінде орналасқан Шымкент бүгінгі күнде саудасы қызған, шуға толы, дәмді шығыс қаласы. Қаланы жазық дала қоршап тұр, бірақ таулар, өзендер және үңгірлері бар шатқалдар алыс емес. .
Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен саяхатшылар келетін көптеген қасиетті, тарихи маңызды орындар бар. Оның көрікті жерлерін зерттеу үшін кем дегенде бір апта немесе одан да көп уақыт қажет!