Егер төленген әуебилетте тегі мен аты дұрыс көрсетілмеген жағдайда не істеуім керек?

Әуекомпанияның www.scat.kz сайтында берілген жолаушының тегін және/немесе аты-жөнін жазуда қателер анықталған жағдайда жолаушы websales@scat.kz электрондық пошта мекенжайына сұранысты растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса отырып сұрау салуы қажет. www.scat.kz ресми сайтында шығарылған билеттер бойынша деректерді түзетуге өтінімдер күн сайын сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, бірақ рейстің шығуына 24 сағаттан кешіктірмей қабылданады. Көбірек біліңіз