CALL-ОРТАЛЫҚ ОПЕРАТОРЫ

Шымкент

Толық жұмыспен қамту, ауысымды кесте.

Ауысымдық жұмыс кестесі: 2/2 09:00-ден 21:00-ге дейін, түнгі ауысымды қоса алғанда 21:00-ден 09: 00-ге дейін.

Міндеттері:

  • клиенттерге консультациялық қолдау көрсету;
  • телефон, электрондық пошта, әлеуметтік желілер және басқа байланыс әдістері арқылы клиентке оңтайлы шешімдерді іздеу және ұсыну;
  • әуе билеттерін брондау және сату;
  • авиакомпанияның акциялары мен қызметтері туралы хабардар ету;
  • жолаушыларды рейстегі өзгерістер жайлы хабардар ету;
  • SCAT әуекомпаниясының өкілдіктерімен жұмыс жасау;

Талаптар:

  • жоғары немесе арнаулы орта білімнің болуы;
  • қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білу ("Intermediate" ең төменгі деңгейі), басқа шет тілдерін білу құпталады;
  • қарым-қатынас этикетін білу;
  • жаңа дағдыларды үйренуге деген ұмтылыс;
  • жақсы дикция және қарым-қатынас дағдылары;
  • стресске төзімділік;
  • ұжымда жұмыс істей білу.