SCAT жаңа қолданбасы

SCAT авиакомпаниясы билеттерді сатып алуды және әуе жолаушыларына қызмет көрсетуді айтарлықтай жеңілдететін мобильді қолданбаны іске қосты. Барлық қажетті ақпарат – жиі қойылатын сұрақтар, жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелері, балалар мен үй жануарларын тасымалдау - барлық деректер енді сіздің телефоныңызда.

Қолданбада авторизациядан өту кезінде авиабилеттер мен қосымша қызметтерді сатып алу оңайырақ болады – деректерді автотолтыру пайдаланушының уақытын айтарлықтай үнемдейді. Авторизациядан өту және одан әрі билеттерді сатып алу кезінде ұшу туралы ақпарат сақталады. Сондай-ақ, алдағы ұшу тапсырысына қызметтерді қосу мүмкіндігі пайда болды.

"Жолсеріктер" бөлімі де қызықты – егер сіз үлкен отбасымен немесе достарыңызбен ұшатын болсаңыз, онда оларға да жолаушының нысанын толтыру қажет. Қолданбада рейске онлайн тіркелу, онлайн-табло қолжетімді, онда нақты уақытта біздің авиакомпанияның кез келген рейсінің мәртебесі көрсетіледі.
Мобильді қолданба iOS және Android бар құрылғылар үшін қол жетімді.