Ақтау
Ақтау

Ақтау – Каспий теңізінің жағасында, Бор мүйісінде орналасқан портты қала. Бұл әдемі қалада көптеген көрікті жерлер өте көп. Тіпті оның құрылу тарихының өзі көңіл аударарлық!

ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында мұнда уранның алғашқы кен орындары табылған. Нәтижесінде алдымен өнеркәсіптік– Ақтау кентін және атом электр станциясын құру туралы шешім қабылданған. Бұл станция өзінше бірегей, ол елдімекен тұрғындарына электр энергиясын беріп қана қоймай, тұщы суды да береді. Бұл шынымен де назар аударуға тұрарлық ерекше жәйт. Өйткені, Ақтау тек алғашқы ғана емес, сонымен қатар "жасанды суды" пайдаланатын жалғыз қала, яғни мұнда теңіздің тұзды суы тұщы суға айналады.

Бұл жерлерде қаланың құрылуының екінші себебі – Қазақстанның бірінші және жалғыз портының болуы. Ақиқатында, бұл оның теңіз қақпасы.