Сочи
Сочи

Сочидегі демалыс барлығының талғамына сай келеді

Сочи

Сочиге - Ресей Федерациясының ең үлкен теңіз курортына - қош келдіңіз! Бүкіл агломерация үлкен Сочи деп аталады және ол, расында, өте әсем жер. Теңіз жағалауын түгелдей алып жатқан үлкен Сочидің аумағы 148 шақырымды құрайды. Мұнда әркім өзіне жайлы жерді таба алады. Климаты мен ландшафты керемет Сочидің ерекшелігі сол, айналаның бәрі теңіз бен таулар. Шыңдарынан қар кетпейтін Кавказдың өзі не тұрады?! Мұнда жағажайлар өте көп, олардың көпшілігі қала ішінде, оларға жету оп-оңай. Аймақта теңіз жағалауы қиыршық тасты, егер демалысымды осында өткізем десеңіз, аква аяқкиім сатып алыңыз. Туристер мен сочиліктердің өзі көп баратын ең танымал жағажай - "Ривьера". Ол осылай аталатын саябақтың жанында орналасқан. Жағалауда сізге қажеттінің бәрі бар, толық жабдықталған. Керекті жабдықтарды жалға ала аласыз. Мейрамханалар мен дүкендер де көп.

Кавказ жотасы климаты әртүрлі аймақтарымен және керемет ландшафтымен ерекшеленеді. Сочи тауларының өзіндк құпиясы да жоқ емес: кішігірім қыраттар мен қырлы жерлері, басынан қар кетпейтін шыңдары, оның саф ауасы таңқалдырады. Туристер үшін әртүрлі экскурсиялық маршруттар қарастырылған. Кейбір жерлерге көлікпен де жетуге болады, дегенмен, айналадағы сұлулықты жаяу жүріп көрген жақсы! Жаңғақты және 33 сарқырамаға міндетті түрде барыңыз. Жаздың аптап ыстығында тау шатқалдары мен әдемі самал есіп тұратын өзен жағасы – жаныңызға рахат сыйлайды, тамаша демалыс осы.

Сочиге жеткізетін ұшақ билеттері

Ресейдің Қара теңізінің інжу-маржанына жетудің ең жылдам және ыңғайлы жолы - әуежолы. SCAT әуекомпаниясы қазақстандықтарға Ақтаудан Сочиге тікелей рейстерді ұсынады. «Ақтау-Сочи» рейсі басқа қалалардан келетін рейстермен байланыса орындалады, бұл түрлі бағыттардағы рейстерді барынша ыңғайлы етеді.

Сочиге бару үшін әуебилетін қалаңыздың кез-келген әуекассасынан сатып ала аласыз немесе кешенді агрегатор қызметін пайдалануыңызға болады. Билетті scat.kz. сайтынан немесе әуекомпанияның мобильді қосымшасынан сатып алу ыңғайлы және жылдам. Бізде жолаушыларға тиімді әрі ыңғайлы болу үшін әр сапарға қатысты шарттарды қарап, таңдауға мүмкіндік беретін тарифтер жүйесі қарастырылған. Естеріңізге сала кетейік, SCAT әуекомпаниясының сайтында және қосымшасында онлайн тіркеуден өтуге болады.

Ақтау – Сочи бағытында ұшу кестесі: аптаның әр сәрсенбі және жұма күндері. Жол ұзақтығы - 1 сағат 40 минут.