Батуми
Батуми

Күншуақты Батуми халықаралық дәрежедегі сәнді қонақ үйлер орналасқан заманауи оңтүстік қала мен үшінші мыңжылдықтағы теңіз курортының барлық кереметін паш етеді.

Батуми Қара теңіз жағалауында орналасқан және қымбат бағалы жиектеме сияқты субтропиктердің экзотикалық флорасымен көмкерілген. Пальма, кипарис, магнолия, олеандр, бамбук, лавр, лимон және апельсин ағаштары, боз арша және шамшат ағаштары қадам сайын көз қуантады.

Батуми Қара теңіздің ыңғайлы табиғи шығанағында орналасқан және қазіргі таңда Батуми — Грузияның аса маңызды теңіз порты ғана емес, сонымен қатар елдің туристік астанасы.