Қазақстанда алғашқы ұшақтар 20 жылдардың басында пайда болды. Азаматтық соғыс кезінде, әскери тапсырмаларды орындаумен қатар, көлік және үгіт-насихат жүргізу мақсатындағы ұшуларды жүзеге асырып отырды. Содан кейін әскери ұшақтардың көптеген бөлігі республикамыздың халық шаруашылығында қолданыла бастады. Азаматтық ұшақтың алғашқы сынақ рейсі 1924 жылдың сәуір айында Ташкенттен Алматыға және кері бағытта орындалды. Осы Қазақстандағы бірден-бір әуе желісі бойынша тұрақты ұшу Ю-13 метал машиналарымен 1924 жылдың 11 шілдесінен басталды.
1927 жылы Алматы-Жаркент авиациялық желісі ашылып, содан кейін Мәскеумен әуе қатынасы жолға қойылды. Осы кезеңде Қазақстанда Азаматтық әуе флоты аса тез дами бастады. Аэродромдар мен әуежайлар салынып, авиажелілер қажетті жабдықпен жабдықталды, жаңа әуе жолдары ашылды. Ұшақ-мотор паркінің жаңаруы орын алды.
Қазақстандағы азаматтық авиацияның тез қарқын алуы ұшқыштарды, инженерлерді, техниктер мен басқа да авиамамандарды даярлау бойынша жұмыстардың жетілдірілуін талап етті. Оңтүстік Қазақстан облысы жастарының көпшілігі Азаматтық әуе флотының оқу орындарына түсті.
1932 жылы Жоғарғы кеңес Президиумының авиациялық орталықтарды құру жөніндегі жарлығымен тұрақты ауыл шаруашылық авиабазасы құрылған. Базаның құрамына екі жазғы отряд кірді. Олардың міндеті – Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Шымкент облыстарының аумағында авиациялық-техникалық жұмыстарды жүргізу болатын. Авиаотрядтың негізгі міндеті – ағаштан жасалған По-2 ұшақтарымен обыр шегірткемен күресу болатын.
Авиациялық базаға Чимкент қаласының жанындағы жерлерден 112,5 гектар жер бөлінген.
1933 жылдан бастап авиаотряд жолаушылар мен поштаны тасымалдаумен айналыса бастады. Үшінші бесжылдықтың үшінші жылы басталды. Чимкентте жаңа әуежай мен желілік шеберханалардың құрылысы, сонымен қатар жергілікті әуе желілеріндегі жаңа әуе алаңдарының құрылысы басталды. Алайда ұшқыштардың бейбіт еңбегі үзілді. Ұлы Отан соғысы басталып кетті. Алғашқы күндердің өзінде Қазақ азаматтық авиациясы басқармасының жеке құрамының айтарлықтай бөлігі, оның ішінде Чимкенттен, өз ұшақтарымен майданға ұшып кетті. Аэродромда екі По-2 авиаотряды және оқу эскадрильясының 15 По-2 ұшағы ғана қалды. Чимкенттік авиаотряд – Қазақ азаматтық әуе флоты басқармасының бөлімшелерінің бірі болып табылады, Қызыл Әскер ӘӘК үшін ұшқыш кадрларды дайындауға ауысты. Қазақстанда бірнеше мыңдаған жас ұшқыштар дайындықтан өтті. Ерлік пен батырлық, тапсырмаларды үлгілі орындағаны үшін, соғыс жылдары 300 үздік ұшқыш, авиатехник, бортмеханик, бортрадист, инженерлер мен Қазақстанның Азаматтық әуе флотының басқа да жұмысшылары Кеңес Одағының ордендері және медальдарымен марапатталған.
1941 жылдың 18 шілдесінен партияның облыстық комитетінің бюросы «орта білімі бар мен жоғарғы сынып оқушыларынан құралған жастардың арасынан 100 адамнан тұратын Чимкент қ. ұшқыштар мектебін құру туралы» қаулы қабылдаған. Авиаотрядтың базасында авиациялық мектеп құрылған. Чимкентке Чугуев әскери авиациялық мектебі көшірілген. Онда соғыс жылдары бірнеше жүздеген жас ұшқыш дайындықтан өтіп, майданға жіберілген. Олардың нұсқаушылары Иван Кожедуб болған. Ол Кеңес Одағының үш мәрте қаһарманы атанған. Ол 64 ұшақты атып құлатқан.
Ұлы Отан Соғысын аяқтағаннан кейін, КСРО халық шаруашылығының қалпына келтірілуіне және кейіннен дамуына кірісті.
Шымкент азаматтық авиациялық авиакәсіпорнының жұмысы қалпына келтірілді.
1944 жылдың 13 наурызында Оңтүстік Қазақстан облыстық еңбекшілер депутаттарының Кеңесінің «ОҚО бойынша әуе жолаушылар қатынасын ұйымдастыру туралы» шешімі қабылданған.
1947 жылдың көктемінде әуежай жаңа орынға ауыстырылған.
1949 жылдың 3 қаңтарынан бастап авиаотрядқа «165 арнайы жасақтағы авиаотряд» атауы берілген.
60-шы жылдары Чимкент авиакәсіпорнында жаңа техника мен Ан-2, Як-12, Супераэро 45, Морава ұшақтарын қарқынды игеруді бастады.
1963 жылы бөлімше жалпы ұзындығы 10200 км 13 әуе желілері бойынша ұшты
Халық шаруашылығын дамытудағы азаматтық авиацияның артып келе жатқан рөліне және ұшақ-мотор паркінің ұлғаюымен байланысты 1963 жылдың 27 желтоқсанында Чимкент авиаотряды жаңа орынға ауысты және қазіргі кезде де осы орында.
1963 жылдың 20 қыркүйегінде 158-ші біріктірілген авиаотряд Қазақ Азаматтық авиация басқармасының авиаотряды ретінде қайта құрылды.
1965 жылы Ил-14 ұшақтарының келуімен, әуе қатынасының кеңеюімен және жаңа рейстердің ашылуымен, авиакәсіпорынның барлық қызметтері тәулік бойғы жұмысқа ауысты. Мәскеуге, Алматыға, Минералды Суларға, Сочиге алғашқы тұрақты рейстер ашылды. Рейстер Ил-18 ұшағымен орындалды.
1966 жылы бөлімше жалпы ұзындығы 9218 км құрайтын 19 әуе желісі бойынша ұшты. Ұшу құрамын оқыту мен жаңа техниканы меңгеру қарқынды түрде жүргізілді. Мікбасты Ли-2, Ил-2, Морава, Супер-45 техникалары Ан-24, Ил-18 үлгідегі қазіргі заманғы жоғарғы өнімділікті авиациялық техникамен алмастырылды.
1971 жылдың қаңтар айында Халықаралық әуе желілерінің көлік басқармасының базасында Аэрофлоттың халықаралық әуе қатынастарының Орталық басқармасы ұйымдастырылды. Аталған басқарма «Аэрофлот – кеңестік әуе желілері» атауымен халықаралық рейстерді орындаған осы саладағы бірден-бір кәсіпорын болды.
Кеңестік адам үшін «авиация» және «Аэрофлот» сөздері бірдей мағынаға ие болды, өйткені елде басқа ешқандай әуе тасымалдаушылар болған жоқ. Жолаушылар тасымалынан бөлек, «Аэрофлот» КСРО-да басқа барлық түрлі авиациялық жұмыстарды да орындады. «Аэрофлоттың» құрамына еліміздің ауыл шаруашылық авиациясы, әскери жүкті және қарулы күштердің жеке құрамын тасымалдау кірді.
1990 жылдардың басында «Аэрофлот» қайта ұйымдастырылған болатын, сонымен бірге жекелеген авиаотрядтар үлкен автономияға ие болды. Осы жағдай мен Кеңес Одағының құлдырауының нәтижесінде 1992 жылы дүние жүзіндегі (тарихтағы ең ірі) әуе компаниясы, 1980 жылдардың соңына қарай 130 миллион жолаушыға дейін тасымалдаған, 300-ден астам жекелеген әуе компанияларына ыдырап кетті. Аталған компаниялардың кейбіреулерінің кішкене болғандығы соншалықты, олардың паркінде тек 1-2 ғана ұшақ болды.
Қазақстан Республикасына «Аэрофлоттан» мұрагерлікке КСРО-дағы ең күшті азаматтық авиация бұйырды. ААМ қазақтандық басқарудағы авиакәсіпорны өзінің негізгі көрсеткіштері бойынша Одақ бойынша тұрақты түрде екінші орынды иеленді. Сондықтан қарамағына бұрынғы Аэрофлоттың басқармасының мүлкі мен 28 өңірлік авиаотряд өткен ұлттық «Қазақстан әуе жолы» әуе компаниясы ең бастапқы кезеңнен даму үшін ерекше әлеуетке ие болды. Чимкент авиаотряды олардың ішінде көшбасшы рөлге ие болды. Сонымен бірге еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп ҰӘК көлік саласы ретінде әлемдік экономикаға ықпалдастырылған. Кәсіби экипаж, халықаралық ұшу үшін дайын база, Қазақстанның халықаралық конвенцияларды бекітуі мен ХӘКҚ-на ену – осының бәрі ТМД, сонымен қатар алыс шет елдер бойынша тұрақты рейстерді бастау үшін жеткілікті.
1993 жылдың өзінде «Қазақстан әуе жолы» әлемнің бірнеше елінің астанасында 10 тұрақты өкілдік пен жеткілікті дәрежеде тарамдалған қатынас желісіне ие болды.
1995 жылдың 21 маусымында, Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мемлекеттің иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасына сәйкес, Чимкент біріктірілген авиаотряды «Шымкент Авиа» Акционерлік қоғамы ретінде атауы өзгертілген болатын.
1996 жылдың 30 сәуірінде Үкіметтің №533 қаулысына қол қойылған. Осы арқылы «Қазақстан әуе жолы» ҰӘК-на сыртқы басқармаға беріледі. Үш жарым айдан соң, «тағдыршешті» №10-30 қаулы шығарылады. Аталған қаулы арқылы ҰӘК мен оның барлық өңірлік авиакәсіпорындарынан өтімді мүлік шығарылады. Жаңа басқармалар ең жақсыларын өздеріне алды. Барлық жақсы ресурсқа ие ИЛ-86, ИЛ-76, ТУ-154, ТУ-134, АН-24 мен жөндеу базасы, әуежайлардың ЖЖМ қоймалары мен т.б. жаңа «Air Kazakstan» әуе компаниясының жарғы капиталына кірді.
ҰӘК-нан барлық өңірлік авиакәсіпорындары шығарылды, оның ішінде Чимкент авиаотряды, ірі әуежайлар – ортақ механизм дербес буындарға бөлінді. Ол ыдырағаннан кейін, артықшылықтар да өзгере бастады: аз түсімді ішкі желілердегі рейстер сирей немесе тіптен жабыла бастады, жаңа ұлттық тасымалдаушының мүдделері ақша табуға ауысып кетті. Елімізді айқын және қол жетімді еткен бағыттар желілері үзіле бастады – сол мезеттегі артықшылықтар Стамбул, Карачи, Мәскеу, Тель-Авивке қарай ауысты.
Ұшқыштар, авиатехниктер, бортсеріктер – бәрінің алдында бір ғана сұрақ тұрды – ары қарай не болады? Ешкім жалақы алмады. База таратылып кетті.
996 жылдың 20 тамызында Қазақстан Республикасының Үкіметінің №1030 «Қазақстан Республикасы азаматтық авиацияны экономикалық тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы» Қаулысы Шымкент авиакәсіпорнының ыдырауына себепкер болды. Оның қираған үйіндісінде навигация мен әуежай сияқты жекелеген құрылымдар ерекшеленді. Оның негізгі міндеті – бір «Эйр Казахстан» әуе компаниясын құру болатын. Алайда ешкім ұшқыштар мен әуе саласындағы қызметкерлерге жалақы бойынша кепілдік берген жоқ. «Эйр Казахстан» компаниясына жұмысқа орналасу үшін, күрделі байқаудан өту қажет. Алайда осы байқаудың өзін өтіп болып, осы компанияда жақсы жалақы төленетін келешекке қол жеткізетініңе деген сенімді сақтау қажет болатын. Бір адам кастингтен өтіп, «Эйр Казахстан» компаниясында жұмыс істеуді бастаса, енді біреуі авиация саласынан біржолата кетіп жатты. Бұл авиациялық мамандардың базасын жоюдағы бірінші қадам болатын.
Алайда көк аспан мен өз жұмысын қатты сүйетін, ҚР азаматтық авиациясын дамыту мақсатында халық үшін жұмыс істейтін де ұшқыштар болды.
1997 жылы Шымкент қаласында бір топ ұшқыштар, авиатехниктер және аспанды сүйетін авиацияға берілген адамдар жиналды. Олардың ұшуға деген құштарлығы, өз елінде көлік инфрақұрылымын нығайту мақсаты мен табысқа деген сенімі "SCAT" әуекомпаниясынының құрылуына әсерін тигізді.
Құрамы 17 пікірлестен тұратын авиатехниктер мен ұшқыштар базасы құрылды. Әуе кемелерді өз бетімен әрлендіріп, кеңселерін өздері жайластырып, құжаттарды әзірледі. Заңды және экономикалық сұрақтармен айналысқандары тағы бар. Бір жылдан кем уақыт ішінде осы жетістіктерге қол жеткізіп, 1998 жылы Ан-24 меншікті ұшағында ең бірінші тұрақты рейс орындалды. Рейс Алматы-Қызылорда-Алматы бағыты бойынша бет алған болатын. Ұйымшыл және тек қана алға ұмтылатын «SCAT» әуекомпаниясының ұжымы Шымкент авиаотрядының дәстүрін сақтап қала білді. Жаңа бағыттар ашу үшін неше түрлі қиындықтарды бастан кешіп, тіпті әкімшілік бөгеулерді де өте білді. «SCAT» әуекомпаниясы пайдалы да және тиімді рейстерді ала алмаса да, бұрынғы жойылып кеткен бағыттарды қайтадан жаңартып, өз жолаушыларының алдындағы міндетін орындады.
Қазіргі таңда компанияның әуекемелер паркі өз меншігіне тиесілі батыста өндірілген ұшақтардан құралған 80- нен астам ішкі және халықаралық әуе бағыттарын пайдаланып отыр. Жыл сайын онға жуық жаңа бағыттар ашылып, жолаушылар саны 40%-ға дейін артуда.