Маңызды ақпарат!
Астана әуежайының жұмысының шектеуі.

2024 жылы 1 мамырдан 24 желтоқсанға дейін Астана халықаралық әуежайы 22:00-ден 06:00-ге дейін жұмыс істемейді. Бұл уақытта елордалық әуежайды толыққанды жаңғырту шеңберінде ұшу-қону жолағына жөндеу жүргізілетін болады.

Жөндеу жұмыстарын түнде жүргізу туралы шешімді көлік министрлігі мен әуежай басшылығы метеорологиялық болжам мен терминалдардың кептелісін зерттей келе қабылдады. Түнгі жұмыс жолаушылар үшін қолайсыздықты азайтады.

Рейстерді орындау кестесіне ықтимал өзгерістер енгізілуіне байланысты жолаушыларға әуе компаниялардың анықтамалық қызметтерінде, қосымшалар мен әуежай қызметтерінде рейстің мәртебесін нақтылау ұсынылады.

Көмек

"Брондауды басқару" мүмкіндігін пайдалану арқылы рейске өзгерістер енгізуге болады. Қосымша сұрақтар, қателер болған жағдайда, сіз тікелей интернет-сату бөлімінің мамандарына электронды мекен-жай бойынша хабарласа аласыз websales@scat.kz

Егер сіз ауру себебінен билетті мәжбүрлі түрде қайтарғыңыз келсе, ұшуға тыйым салынғанын растайтын анықтама беруіңіз керек. Толығырақ осы бетте

Сұрақтар мен жауаптар