SCAT әуекомпаниясы Шымкент - Сеул тікелей рейсін іске қосады

SCAT әуекомпаниясы өз бағыттарының желісін кеңейтуде - 2025 жылдың мамыр айында Шымкент - Сеул жаңа тұрақты рейсі ашылады!

Рейстер аптасына екі рет орындалады:

  • Шымкент - Сеул рейсі: дүйсенбі, бейсенбі күндері;
  • Сеул – Шымкент рейсі: сейсенбі, жұма күндері ұшады.

Сеул – аспанмен таласқан зәулім ғимараттары ежелгі сарайлармен үйлесіп, іргелес жатқан әсем қала. Көшелердегі сауда орталықтарының, саябақтардың және түнгі базарлардың жарық шамдары қаланы түрлендіріп тұрады.

Сеулде қайда баруға болады?

  • Намсан Тауэр - қаланың керемет көрінісін тамашалайтын алаңы бар әйгілі телемұнара.
  • Чонгечон - мегаполис орталығында серуендеуге өте ыңғайлы, жылғалардан су ағып тұратын әдемі жер.
  • Инсадонг ауданы – антиквариат, көне заттар сатылатын және дәстүрлі Корей тағамдарынан дәм татуға болатын керемет орын.

Билеттерді қалай брондайсыз?

Билеттерді scat.kzсайтынан, мобильді қосымшадан немесе әуекомпанияның өкілдіктерінде сатып алыңыз. Онлайн тіркелу ұшудан 24 сағат бұрын қолжетімді.

Маңызды ақпарат: Оңтүстік Кореяға сапар шегетін Қазақстан азаматтарына виза қажет емес. Бірақ коммерциялық емес саяхатқа шықсаңыз, Корея Республикасына кіруге К-ЕТА - электронды рұқсат алуыңыз қажет. Оны алдын-ала рәсімдеңіз.

SCAT әуекомпаниясымен саяхаттап, жаңа белестерді бағындырыңыз!

Сеул