Құрметті жолаушылар,

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ әуе кеңістігінің жоғары кептелісіне байланысты 2024 жылдың 02-04 шілде аралығында ұшу кестесіне өзгерістер енгізілетінін хабарлаймыз.

Ұшу кестесі өзгерген жағдайда, билетті сатып алу кезінде көрсетілген телефон нөмерлеріне хабарлама жіберіледі.
Жолаушыларға қауіпсіздік тексерісінен және тіркеуден уақтылы өту үшін әуежайға алдын ала келуге кеңес береміз.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.