Ақордада Республика күнін мерекелеу қарсаңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ азаматтарға мемлекеттік марапаттар мен сыйлықтар табыс етті.

Салтанатты рәсімді ашқан Мемлекет басшысы жиналғандарды Республика күнімен құттықтады.
Авиация саласының дамуына қосқан үлесі үшін SCAT авиакомпаниясының президенті Денисов Владимир Иванович "Парасат" орденімен марапатталды!
Мереке қарсаңында көлік министрлігінде де көлік министрі Марат Қарабаев мемлекеттік марапаттарды табыс етті.
Авиация саласын дамытуға қосқан үлесі үшін SCAT әуекомпаниясының вице-президенті Сытник Владимир Андреевич "Құрмет" орденімен  марапатталды!


Жасалған еңбектеріне лайықты марапаттарға ие болуларымен шын жүректен құттықтаймыз және жаңа, одан да жоғары мақсаттарды жүзеге асыруларына тілектеспіз!

Көмек

"Брондауды басқару" мүмкіндігін пайдалану арқылы рейске өзгерістер енгізуге болады. Қосымша сұрақтар, қателер болған жағдайда, сіз тікелей интернет-сату бөлімінің мамандарына электронды мекен-жай бойынша хабарласа аласыз websales@scat.kz

Егер сіз ауру себебінен билетті мәжбүрлі түрде қайтарғыңыз келсе, ұшуға тыйым салынғанын растайтын анықтама беруіңіз керек. Толығырақ осы бетте

Сұрақтар мен жауаптар