Бізге 27 жыл!

Ширек ғасырдан астам уақыт бойы SCAT әуекомпаниясы қазақстандықтар үшін жаңа қалаларға, өзге елдерге жол ашып келеді. 27 жыл ішінде жүздеген бағыттар іске қосылды, Тараз қаласында жаңа әуежай салынды, ал Шымкентте жаңа заманауи әуе айлағының құрылысы аяқталуда.

Бүгінде SCAT – жылына кемінде 10-ға жуық жаңа бағыттарды іске қосатын, еліміздегі ең қарқынды дамып отырған флоты бар әуекомпания. Барлығы бір ғана ұшақтан және ел ішіндегі санаулы рейстерден басталған болатын.

Осындай атаулы мерекемен күн сайын SCAT-ты таңдайтын миллиондаған адамдардың саяхатын жеңіл, қолжетімді, жайлы және қауіпсіз етуде еңбек етуші барша азаматтарды құттықтаймыз!

Сондай-ақ, 27 жыл бойы бізді таңдап, бізге сенім артқан құрметті жолаушыларымызға шексіз алғысымызды білдіреміз!

Барлығына мықты денсаулық, ашық аспан, жан дүниесін көктем ететін бейбіт заман және ізгі тілектердің орындалуын тілейміз! Осы мереке әрбіріңізге қуаныш сыйласын!

Шынайы ықыласпен, SCAT әуекомпаниясы