"Кесте" модулі қолданушылар үшін қол жетімді!

Біздің әуекомпаниямыздың scat.kz сайтында "кесте" модулі қазірдің өзінде қол жетімді. Ұшу кестесін көру үшін курсорды "сатып алу және қызметтер" бөліміне апарып, "кесте" жазбасын басу керек. Әрі қарай, ұшу қаласын таңдасаңыз, жүйе біздің әуекомпанияның ұшақтары ұшатын қалаларды көрсетеді. Айта кетерлік жайт, бірнеше қалалар бойынша рейстердің ұшуын іздеу одан да ыңғайлы бола түсті.

Сондай-ақ, сіз күндер бойынша өзіңізге керек аптаны таңдай отырып, жоспарланған ұшу уақытына бейімделе аласыз. Сізге ыңғайлы күнді таңдаған кезде сіз бірден билетті рәсімдеу және қосымша қызметтерді сатып алу кезеңіне өтесіз.