SCAT жолаушыларына арналған Чех Шенген визасын алудың бірегей қызметі

SCAT әуе компаниясы мен Чехия Елшілігі Чехияға саяхаттауды жоспарлап отырған SCAT жолаушыларына эксклюзивті мүмкіндік жасады.

Компания Прагаға/Прагадан рейстерге арналған "Visa" жаңа брендтік тарифін ұсынды. Стандартты LIGHT, OPTIMUM айырмашылығы, VISA тарифі Чех Шенген визасын виза орталығының сайтындағы орындардың қосымша квотасы арқылы алу үшін құжаттар пакетін тапсыруға кезекке жазылу құқығын береді.

EMD VISA SERVICES-те рәсімделген қызметтің және қызмет коды бар бірыңғай үлгідегі фискалдық чектің болуы визаға құжаттар пакетін қабылдаудың міндетті шарты болып табылады. Қызмет құны 1000 теңге.

Қызметті рәсімдеу тек SCAT әуе компаниясының кассаларында қолжетімді:

  • Алматы қаласы бойынша Назарбаев көшесі, 223, "Алматы" СК, 3 қабат.
  • Астана қаласы бойынша Достық даңғылы, 18, "Мәскеу" БО, 4 қабат.

Маңызды ақпарат! Туристте Visa брендінің жарамды әуе билеті және Visa SERVICES қызметінің коды бар чек болмаған жағдайда, орындардың қосымша квотасы арқылы берілетін Шенген визасын алуға арналған құжаттар пакеті виза орталығында қарауға қабылданбайды.

SCAT жолаушыларына арналған Чех Шенген визасын