Инжиниринг бөлімінің ұшу жарамдылығы жөніндегі инженері

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талап: 3-6 жыл

Толық жұмыспен қамтылу, толық жұмыс күні

Міндеттері:

- Ұшақта орындалған жөндеулерді, қызмет көрсету бюллетеньдерін, ұшақтың құрылымдық зақымдарды есепке алу және өңдеу.
- Ұшақтарға техникалық қызмет көрсету үшін қажет құжаттарды дайындау.
- Ұшақтарға техникалық қызмет көрсету үшін шығыс материалдарына, құралдарына және жерүсті жабдықтарға тапсырыс беру.
- Ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуде қолданылатын құралдар мен шығыс материал жабдықтарын жеткізушілермен байланыс құру.
- Құрылымдық жөндеулер мен ұшақтарға техникалық қызмет көрсетудің аса күрделі түрлерін орындауға тікелей қатысу.
- Ұшу жарамдылығының директиваларын бағалауға қатысу.
- Ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуге арналған бағдарламаның әзірленуіне қатысу.
- Мемлекеттік органдардың тексеруі мен сертификаттауына қатысу.
- Ұшақтардың құрылымдық зақымдарын жөндеуді (Structure Repair) әзірлеп, қатысу. Тек Aircraft Structure Repair бағытындағы мамандар.

Талаптар:

- Ұшақтарды пайдалану (B1) немесе (B2) мамандығы бойынша Авиациялық инженерлік-техникалық жоғары білім. Біліктілігі – инженер.
- Ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуде және/немесе ұшақтардың ұшу жарамдылығын сақтауда 5 жылдан асатын практикалық жұмыс тәжірибесі.
- Ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуді іске асыруға арналған техникалық құжаттарды дайындау тәжірибесі.
- PK, EASA, FAA авиациялық әкімшіліктерінің авиациялық ережелерін білу.
- Ұшу жарамдылығының директиваларымен, қызмет көрсету бюллетендерімен, авиациялық техника өндірушілерінің құжаттарымен жұмыс жасай білу.
- Ұшақтарға техникалық қызмет көрсетудің жалпы қағидаларын сенімді түрде білу.
- Ағылшын тілін білу (техникалық құжаттарды түсіну, іскерлік қатынас хаттар жазу, авиациялық қызмет өкілдерімен қарым-қатынас жасау).
- ДК білу – сенімді пайдаланушы.
- Ұшақ конструкциясының құрылымдық зақымдарына жөндеу жасау барысын білу.
- AMOS ақпараттық жүйесінде жұмыс жасай білсеңіз артықшылыққа ие боласыз.
- Әуе кемесінің ұшақ жарамдылығын сақтау типі бойынша инженерлік жұмыс тәжірибесі құпталады.
- Әуе кемесінің құрылымдық жөндеулер инженері жұмыс тәжірибесі құпталады.
- Авиациялық қозғалтқыштар және ҚКҚ инженері жұмыс тәжірибесі құпталады.
- ATA-25\38 тұрмыстық жабдықтау инженері болып жұмыс жасау тәжірибесі құпталады.

 
Шарттар:

- Жұмыс орны Шымкент қ., кеңсе Қазақстан Республикасының Шымкент қ. Әуежайының аймағында орналасқан (қашықтықтан жұмыс жасау қарастырылмайды). Бес күндік жұмыс аптасы, жұмыс күні 09:00-ден 18:00-ге дейін. Сынақ кезеңі 3 ай (өзіндік жұмыс жасауға дайын болған жағдайда қысқартылуы мүмкін).
- Әуе компанияны техникалық қызмет көрсету мекемелеріне таныстыруға, күрделі жөндеулерді сүйемелдеуге, авиациялық әкімшіліктердің аудиторларымен жұмысқа, оқуға және әуе компанияның басқа да жағдайлары мен қажеттіліктеріне байланысты қызмет барысымен іссапарлар болуы мүмкін.
- Инжиниринг бөлімінің жетекшісіне бағыну.

Электрондық пошта: k.streltsova@scat.kz & yefremidi@scat.kz