Инжиниринг бөлімінің құрылымдық жөндеулер жөніндегі инженері

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талап: 3-6 жыл
Толық жұмыспен қамтылу, толық жұмыс күні

Міндеттері:

- Ұшақта орындалған жөндеулерді, қызмет көрсету бюллетеньдерін, ұшақтың құрылымдық зақымдарды есепке алу және өңдеу.
- Құрылымдық жөндеулерді орындау үшін қажет құжаттарды, ұшақтың құрылымдық зақымдарына техникалық қызмет көрсетудің технологиялық карталарын дайындау.
- Ұшақтың құрылымдық зақымдар бөліміне техникалық қызмет көрсету үшін шығыс материалдарына, құралдарына және жерүсті жабдықтарға тапсырыс беру.
- Ұшақтың құрылымдық зақымдар бөліміне техникалық қызмет көрсетуде қолданылатын құралдар мен шығыс материал жабдықтарын жеткізушілермен байланыс құру.
- Құрылымдық жөндеулер мен ұшақтарға техникалық қызмет көрсетудің аса күрделі түрлерін орындауға тікелей қатысу.
- Ұшу жарамдылығының директиваларын бағалауға қатысу.
- Ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуге арналған бағдарламаның әзірленуіне қатысу.
- Damage Map өңдеп, жұмыс жағдайында сақтау.
- Мемлекеттік органдардың тексеруі мен сертификаттауына қатысу.

Талаптар:

- Ұшақтарды пайдалану (B1) немесе (B2), ұшақ жасау, қозғалтқыш жасау мамандығы бойынша Авиациялық инженерлік-техникалық жоғары білім. Біліктілігі – инженер.
- Ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуде және/немесе ұшақтардың  ұшу жарамдылығын сақтауда, құрылымдық жөндеулерде 5 жылдан асатын практикалық жұмыс тәжірибесі.
- Ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуді, құрылымдық жөндеулерді іске асыруға арналған техникалық құжаттарды дайындау тәжірибесі.
- PK, EASA, FAA авиациялық әкімшіліктерінің авиациялық ережелерін білу.
- Ұшу жарамдылығының директиваларымен, қызмет көрсету бюллетендерімен, авиациялық техника өндірушілерінің құжаттарымен жұмыс жасай білу.
- Ұшақтарға техникалық қызмет көрсетудің жалпы қағидаларын сенімді түрде білу.
- Ағылшын тілін білу (техникалық құжаттарды түсіну, іскерлік қатынас хаттар жазу, авиациялық қызмет өкілдерімен қарым-қатынас жасау).
- ДК білу – сенімді пайдаланушы.
- Ұшақ конструкциясының құрылымдық зақымдарына жөндеу жасау барысын білу.
- AMOS ақпараттық жүйесінде жұмыс жасай білсеңіз артықшылыққа ие боласыз.
- ATA-25\38 тұрмыстық жабдықтау инженері болып жұмыс жасау тәжірибесі құпталады.

Шарттар:

- Жұмыс орны Шымкент қ., кеңсе Қазақстан Республикасының Шымкент қ. Әуежайының аймағында орналасқан (қашықтықтан жұмыс жасау қарастырылмайды). Бес күндік жұмыс аптасы, жұмыс күні 09:00-ден 18:00-ге дейін. Сынақ кезеңі 3 ай (өзіндік жұмыс жасауға дайын болған жағдайда қысқартылуы мүмкін).
- Әуе компанияны күрделі ақауларға, күрделі жөндеулерге техникалық қызмет көрсету мекемелеріне таныстыруға,  авиациялық әкімшіліктердің аудиторларымен жұмысқа, оқуға, ұшақтарды қабылдап/жөнелтуге және әуе компанияның басқа да жағдайлары мен қажеттіліктеріне байланысты қызмет барысымен ҚР ішінара немесе басқа елдерге іссапарлар болуы мүмкін.
- Инжиниринг бөлімінің жетекшісіне бағыну.

Электрондық пошта: k.streltsova@scat.kz & yefremidi@scat.kz