Өте қызықты және көне тарихы бар қала
Тбилисиді көпшілік тар көшелері, сәулеттік эклектикасы, жайлы барлары, дастарханы мол мейрамханалары үшін посткеңестік Барселона деп атайды. Сондықтан мүмкіндігінше, оның барлық көрікті жерлерін кемінде екі күн аралап көруге тырысыңыз. Негізі асықпай бір апта аралаған жөн.
Ағаштан жасалған ою-өрнекті балкондар мен соғылған есіктерді тамашалау үшін ескі қала орталығында серуендеңіз. Тар, иірмек көшелердің ішкі қуыстарында адасып, «италиялық» аулалардың жайлылығынан ләззат алыңыз.
Ескі қаланы аралай отырып, сіз Нарикала бекінісіне көтерілсеңіз, бүкіл қала алақандағыдай көрінеді, мұның өзі сізді Тбилисидің біртұтас үйлесімді биіне ұласқан көп қырлы және жарқын қарама-қайшылықтарымен таңғалдырады.