Бүгін, Дубайдағы 18-ші халықаралық аэроғарыштық көрме аясында SCAT 737 MAX ұшақ паркін кеңейту үшін 737-8 жеті ұшаққа қосымша тапсырыс жариялады.
Бұл жаңа тапсырыс SCAT 737 ұшақ паркін екі есеге арттырады.
Әуекомпания Президенті Владимир Денисов өз сөзінде атап өткендей: "Бүгінгі таңда SCAT-Қазақстандағы әуе кемелерінің ең ірі паркін қамтитын ең қарқынды дамып келе жатқан әуекомпания. Флотты тағы 7 жаңа 737 MAX 8-бен толықтыру әуекомпанияның тасымалдау сыйымдылығын арттырады, ұшу кестесі мен әуебилеттер ұсыныстарының уақтылы орындалуына оң әсер етеді, сондай - ақ компанияға өзінің маршруттық желілерін кеңейтуге және жолаушыларға саяхаттау үшін одан да көп бағыттар ұсынуға мүмкіндік береді".
Boeing Commercial Airplanes компаниясының жаһандық сату және маркетинг жөніндегі аға вице — президенті Брэд МакМаллен айтпақшы: "Бұл тағы бір тапсырыс SCAT-тың 737 MAX ұшақтар тобының құндылығы мен өнімділігіне деген сенімділігінің дәлелі". "Біз олардың кеңейту жоспарларын қолдаймыз және олардың ұзақ мерзімді табыстарында маңызды рөл атқарамыз деп үміттенеміз".
737 MAX тобы тұтынушыларға ерекше өнімділік, төмен операциялық шығындар мен қосымша диапазонды ұсыну үшін жасалған, бұл тарфюзеляжды нарықта жаңа бағыттарды тиімді ашуға мүмкіндік береді. Boeing 737-8 конфигурациясына байланысты 210 жолаушыны тасымалдай алады және 6480 км (3500 теңіз милі) дейінгі қашықтыққа ие. Boeing 737-9 220 жолаушыға арналған және 6110 км (3300 теңіз милі) дейінгі қашықтыққа ие.