Шанхайға жаңа рейс ашылады - SCAT әуекомпаниясымен болашақтың мегаполисін таныңыз!

29 мамырда SCAT әуекомпаниясы Шымкент - Шанхай жаңа тұрақты рейсін іске қосады! Қазақстан мен Қытай арасында жайлы әуе қатынасын қамтамасыз ететін рейстер аптасына екі рет - дүйсенбі және бейсенбі күндері ұшады.

Шанхай - Азиядағы ең қарқынды дамып жатқан қалалардың бірі. Аты аңызға айналған Вайтань жағалауында серуендеп, дәстүрлі Юйюань бағының тыныштығын сезініңіз, Шанхай мұражайындағы шедеврлерді көзбен көріңіз. Қала сізге жарқын эмоция, ұмытылмас естеліктер сыйлауға, қуантуға дайын!

Қытайға жеке мақсатта, саяхаттауға немесе бизнесіне байланысты баратын Қазақстан азаматтары виза рәсімдемейді. 30 күнге дейін визасыз жүре аласыз. Сондықтан, сапарыңыздың мерзімін нақтылаңыз, осы мерзімге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.

Билеттерді scat.kz сайтында, SCAT мобильді қосымшасы арқылы немесе әуекомпанияның өкілдіктерінде броньдауға болады. Онлайн тіркеу ұшудан 24 сағат бұрын басталады.

Сапарыңызды жоспарлаңыз, Шанхайға SCAT әуекомпаниясымен саяхаттаңыз!

Шанхай