Ерікті – туыстарының ауыруы немесе қайтыс болуы сияқты қайтып келуге дәлелді себептердің жоқтығын білдіреді.
Қайтару функционалы автоматты режімде әуебилеттерді қайтару ресімін жүргізуге мүмкіндік береді. Қайтару барысында қайтарылатын сомма қолданылған тариф ережелеріне сәйкес есептелінетін болады. Сайтта банк картасы бойынша төленген электронды әуебилет бойынша пайдаланылмаған тасымалдау сомасы дәл осы тасымалдауға төлем жүргізілген картаның шотына қайтарылады. Қайтару шарттары қиын болса операцияны интернет сату бөліміне жүгінген кезде ғана орындалуы мүмкін екендігіне назар аударғымыз келеді. Өтінімдер websales@scat.kz электронды мекенжайға қабылданады.
Егер денсаулыққа байланысты ұшу мүмкіншілігі болмаса, тариф құнын толықтай қайтару үшін немесе ұшу күнін тегін ауыстыру қажет болса invol@scat.kz поштасына хабарлама жолдауыңыз қажет.
Сонымен қатар, медициналық құжат келесі талаптарға сай болуы керек
Қайтару статусын бақылау үшін байланыс мәліметтерін толтырыңыз және әуе билетін қолдану ережелерімен келісіміңізді растаңыз, содан кейін «Жалғастыру» түймесін басыңыз .
Егер қандай да бір себептермен қайтару мүмкін болмаса, бізге хабарласыңыз және біздің клиенттерді қолдау бөлімі сізге міндетті түрде көмектеседі!
Банк жүйелерінің жұмыс регламентіне сәйкес, қаражат төлем жасалған банк картасына қайтару рәсімделген сәттен бастап 5-10 жұмыс күні ішінде түседі.