Құрметті жолаушылар, 2023 жылғы 13 тамыздан бастап жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттардың, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесіне * төмендегі толықтырулар енгізілді:

Қол жүгімен тасымалдауға тыйым салынған заттар**: сыйымдылығы 100 миллилитрден асатын ыдыстағы сұйықтықтар, аэрозольдер мен гельдер, оның ішінде:

  • су және басқа сусындар, сорпалар, сироптар, джемдер, бұқтырылған тағамдар, тұздықтар мен паста;
  • тұздықтардағы немесе көп мөлшерлі сұйықтықтағы тамақ өнімдері;
  • кремдер, лосьондар, косметика және майлар;
  • әтірлер;
  • спрейлер;
  • гельдер, соның ішінде шаш пен душқа арналған гельдер;
  • қысым астындағы ыдыстардың мазмұны; оның ішінде қырыну көбігін, және оның басқа түрлерін, дезодоранттарды қоса алғанда;
  • пасталар, оның ішінде тіс пастасы;
  • құрамында қатты заттары бар сұйықтықтар;
  • тушь;
  • ерін жылтыратқышы.

Багажда тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар: аккумулятормен жұмыс істейтін портативті электронды темекі шегу құрылғылары, оның ішінде:

  • электрондық темекі (электронды жұқа сигаралар, электронды сигаралар, электронды түтіктер, жеке буландырғыштар, электронды никотин беру жүйелері). Батареялардағы литий мөлшері 2 грамнан аспауы керек, ал литий-ионды батареялардың нақты қуаты 100 ватт – сағаттан аспауы керек;
  • литий немесе литий-ионды элементтері бар портативті электрондық құрылғылар (сағаттар, калькуляторлар, камералар, ұялы телефондар, ноутбуктер, бейнекамералар және т.б.), сондай-ақ қосалқы батареялар. Бір адамға екі бөлек қорғалған қосалқы батареядан артық болмауы тиіс.
  • Литий-ионды батареялары бар портативті электрондық құрылғыларды және меншікті қуаты 100 ватт-сағат, бірақ 160 ватт-сағаттан аспайтын қосалқы литий-ионды батареяларды тасымалдау эксплуатанттың келісімімен жүзеге асырылады.

* Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттардың, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 27 шілдедегі № 548 бұйрығы.

**Тасымалдау кезінде ұшу уақытына қажетті мөлшерде дәрілік препараттар, балалар тағамы және арнайы диеталық қажеттіліктер бұл тізімге кірмейді. Сондай-ақ ұшу кезінде пакеттің мазмұнына көз жеткізуді қамтамасыз ететін сенімді мөрленген (пломбаланған) пластик пакетке оралған әуежайдағы немесе әуе кемесінің бортындағы бажсыз сауда дүкендерінен сатып алынған сұйықтықтардың сапар күні (күндері) сатып алынғандығын дәлелдейтін тауардың чегі болуы тиіс. Бұл заттар да тиым салынған заттар тізіміне кірмейді.