Ерікті билетті қайтару

Ерікті – туыстарының ауыруы немесе қайтыс болуы сияқты қайтып келуге дәлелді себептердің жоқтығын білдіреді.

Маңызды
Әуе компаниясының веб-сайтында билетті тек әуе компанияның сайтында сатып алған жағдайда ғана қайтаруға болады. Әйтпесе, билетті сатып алған агенттікке хабарласу керек.

Қайтару функционалы автоматты режімде әуебилеттерді қайтару ресімін жүргізуге мүмкіндік береді. Қайтару барысында қайтарылатын сомма қолданылған тариф ережелеріне сәйкес есептелінетін болады. Сайтта банк картасы бойынша төленген электронды әуебилет бойынша пайдаланылмаған тасымалдау сомасы дәл осы тасымалдауға төлем жүргізілген картаның шотына қайтарылады. Қайтару шарттары қиын болса операцияны интернет сату бөліміне жүгінген кезде ғана орындалуы мүмкін екендігіне назар аударғымыз келеді. Өтінімдер websales@scat.kz    электронды мекенжайға қабылданады.

Айыппұлсыз мәжбүрлі қайтару

Егер денсаулыққа байланысты ұшу мүмкіншілігі болмаса, тариф құнын толықтай қайтару үшін немесе ұшу күнін тегін ауыстыру қажет болса invol@scat.kz поштасына хабарлама жолдауыңыз қажет.

Мәжбүрлеп қайтару үшін қажетті құжаттар
  1. Ауру парағы, ауру тарихынан үзінді немесе медициналық мекеменің бланкіндегі анықтама немесе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен үлгі.
  2. Құжаттарға дәрігерлер мен басшының ұжымдық қолы қойылып, мекеменің мөрімен және дәрігерлердің жеке мөрлерімен расталады.
  3. Медициналық құжатта көрсетілген ауру күндерінің тасымалдау күндеріне сәйкестігі (яғни, күндер сәйкес келмесе, дәрігер емдеу/оңалту кезеңін көрсетуі керек немесе жаңа құжат ұсынылады)
    .

Сонымен қатар, медициналық құжат келесі талаптарға сай болуы керек

  • Медициналық құжатта осы құжатты берген мекеменің анық және оқылатын атауының болуы
  • Осы мекеменің деректемелерінің болуы, медициналық мекеменің нөмірі
  • Медициналық құжатты берген мекеменің дөңгелек мөрінің болуы
  • Түсінікті оқылатын лауазымы мен құжатты берген тұлғаның тегі
  • Медициналық құжаттың берілген күнінің болуы
Ескерту
Егер де жолаушы әуекомпанияға ұшу уақытынан, яғни 24 сағаттан кешіктірмей хабарлама берсе, YR жинағы қайтарылады.

Билетті қалай қайтаруға болады

Қайтаруды бастаңыз
Сайттың басты бетінде "тексеру"тарауын таңдаңыз

Жолаушы таңдауы
Тапсырыс туралы толық ақпаратты қарап шығу режімінде "қайтару" түймесін басыңыз

Қайтару түрі
Қайтару түрін таңдаңыз:
  • ерікті (саяхат жоспарының өзгеруіне байланысты ұшудан бас тарту
  • мәжбүрлі (рейсті тоқтату/қайта жоспарлау)
және  «Жалғастыру» түймесін басыңыз

Қайтару сұрауы

Қайтару статусын бақылау үшін байланыс мәліметтерін толтырыңыз және әуе билетін қолдану ережелерімен келісіміңізді растаңыз, содан кейін «Жалғастыру» түймесін басыңыз .

Аяқтау
Тапсырыс параметрлері мен қайтарылатын сома көрсетілген тиісті хабарлама тапсырыс бойынша байланысатын тұлғаның көрсетілген электрондық мекен-жайға жіберіледі. Қаражат сіздің картаңызға 5-10 жұмыс күні ішінде түседі (картаны шығарған банкке байланысты).

Қандай да бір қиындықтар бар ма?

Егер қандай да бір себептермен қайтару мүмкін болмаса, бізге хабарласыңыз және біздің клиенттерді қолдау бөлімі сізге міндетті түрде көмектеседі!

Бізге жазыңыз

Көмек

Банк жүйелерінің жұмыс регламентіне сәйкес, қаражат төлем жасалған банк картасына қайтару рәсімделген сәттен бастап 5-10 жұмыс күні ішінде түседі.

Сұрақтар мен жауаптар