Анықтама алыңызЧекті сұрау


2024 жылғы 15 cәуірден бастап ұшу туралы анықтама берудің келесі тәртібі белгіленеді.

Жолаушылардың ұшу сапары туралы ақпаратты:

  • жолаушы;
  • жолаушы уәкілеттік берген тұлға ала алады.
Анықтама түрлері
  • ұшу фактісін растау туралы анықтама;
  • рейстің нақты ұшу/келу уақыты туралы анықтама;
  • қосымша қызметтің құны туралы анықтама (EMD);
  • ұшу фактісі мен билет құнын растау туралы анықтама.
Анықтамалардың құны
Анықтама әрбір әуе билетіне немесе қосымша қызметке (EMD) жеке рәсімделеді.
Бір анықтаманың құны:
ҚР аумағындағы колл-центрде және сату кеңселерінде төленген жағдайда 3 500 теңге;
Шетелдік сату кеңселері мен өкілдіктерде төленген жағдайда 8 доллар.

Шетелдегі сату кеңселері мен өкілдіктерінің байланыстарын мына жерден көруге болады.

Өтініш формасын осы жерден жүктеуге немесе сату кеңсесінде сондай-ақ шетелдегі өкілдікте алуға болады. Қол қойылған өтініштің, жеке куәліктің фото/сканы, электрондық билеттің маршрут-түбіртегі төменде орналасқан формада тіркелу керек.

 Жүртеу

Анықтама тізімдегі көрсетілген топтарға тегін беріледі:

  • 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектерге;
  • мүгедек балаларға;
  • ҰОС қатысушылары мен оларға теңестірілген адамдарға;
  • Ауған жауынгерлеріне тегін рәсімделеді.

Анықтама сұрау

Байланыс телефоны *
Сіздің email *
Жолаушының жеке басын растайтын құжаттың сканері/фотосуреті *
АҚ “SCAT” әуекомапаниясының президенті Денисов В.И атына скан/фото өтініш. *

Қарастыру мерзімі
Анықтаманы беру мерзімі, қызмет төленген сәттен бастап 10 жұмыс күнін құрайды.

Чекті сұрау

Брондау нөмірі *

Көмек

Тасымалдау құжаттамасын қалпына келтіру туралы ресми сұранысты электрондық поштасына жіберу қажет.Мұнда барлық мәліметтер бар

Сұрақтар мен жауаптар